Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
909-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартындағы құқықтық мирасқорлық



Ст. 909 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Лицензия кешенiне кiретiн қандай да болсын жекелеген айрықша құқықтың басқа тұлғаға ауысуы шартты өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Жаңа құқық иеленушi басқаға ауысқан айрықша құқыққа қатысты құқықтар мен міндеттер бөлiгiнде шартқа кiредi.  

2. Лицензиар-азамат қайтыс болған жағдайда кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен мiндеттерi соңғысы тiркелген немесе мұрагерлiк ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде кәсiпкер ретiнде тiркелетiн жағдайда мұрагерге ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.  

Мұрагер тиiстi құқықтар мен мiндеттердi қабылдағанға дейiнгi немесе мұрагердi кәсiпкер ретiнде тiркегенге дейiнгi кезеңде лицензия кешенiн басқаруды белгiлi тәртiппен нотариус тағайындаған сенімгер басқарушы жүзеге асырады.  

46-тарау. Конкурстық міндеттемелер


Статья 406 ...907 908 909 910 911 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 909-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409