Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
913-бап. Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткiзу ерекшелiктерi



Ст. 913 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мемлекеттiң немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органнан тотализаторлар мен тәуекелге негiзделген басқа да ойындар өткiзуге лицензия алған адамның, ал лотереялар үшін лотерея операторының және осындай ойындарға қатысушылардың арасындағы қатынастар шартқа негiзделген. 

Лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы шарт лотереяға қатысушы лотерея билетінiң, түбiртектің немесе өзге құжаттың құнын төлеген және лотерея билетін, түбiртекті немесе өзге құжатты берген кезден бастап жасалған болып танылады. 

2. Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындарды өткiзу шарттарына сәйкес ұтқан адам болып танылатын адамдарға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы), ал лотереялар үшін лотерея операторы ұтыс төлеуге тиiс. 

Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) мерзiмінде, мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) ұтыс төлеуді ойындарды өткiзу талаптарына сәйкес, ал егер бұл талаптарда мерзiм көрсетiлмесе ойындардың нәтижелерi шығарылған кезден бастап он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады. 

Лотерея операторының ұтысты төлеуі заңда белгіленген мерзiмдерде, лотерея өткiзу талаптарында айқындалатын мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) жүзеге асырылады. 

3. Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы), лотерея операторы осы баптың 2-тармағында аталған мiндеттерiн орындамаған жағдайда, лотереяда, тотализаторда немесе өзге ойындарда ұтып алған қатысушы өзіне ұтысты төлеудi, сондай-ақ келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы. 

Ескерту. 913-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 496-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 406 ...911 912 913 914 915 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 913-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409