Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
922-бап. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк



Ст. 922 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Мемлекеттiк органдардың заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актілерді шығаруының салдарынан келтiрiлген зиян актiнi шығарған органдар мен лауазымды адамдардың кiнәсiне қарамастан, сот шешiмi негiзiнде өтелуге тиiс. Зиян мемлекеттiк қазына есебiнен өтеледi. Қаржы органдары не арнайы тапсырма бойынша басқа органдар мен азаматтар қазына өкiлдерi болады.  

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз органдары мен лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн сот тәртiбiмен жауап бередi.  

3. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының әкiмшiлiк басқару саласындағы заңсыз iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) келтiрiлген зиян осы органдардың иелiгiндегi ақшаның есебiнен (осы Кодекстiң 917-бабы) жалпы негiздерде өтеледi. Олар жеткiлiксiз болған кезде зиян мемлекеттiк қазынаның есебiнен субсидиарлық жолмен өтеледi.


Статья 406 ...920 921 922 923 924 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 922-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409