Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк



Ст. 923 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.  

2. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура органдарының өзге де заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян осы Кодекстiң 922-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.  

3. Судьялардың және басқа сот қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян, осы баптың 1-тармағында көзделгеннен басқа ретте, осы Кодекстiң 922-бабының 3-тармағында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.

Статья 406 ...921 922 923 924 925 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 923-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409