Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
930-бап. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабiлетсiз азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк



Ст. 930 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмаған немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын жағдайда зиян келтiрген әрекетке қабiлеттi азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi.  

Егер жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлсе, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттi зиян келтiрушiге толық немесе iшiнара жүктей алады.  

2. Егер спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарды пайдаланып немесе өзге әдiспен өзiн осындай жағдайға келтiрсе, зиян келтiрушi жауаптылықтан босатылмайды.  

3. Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемiстiгi салдарынан өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын адам келтiрсе, сот зиянды өтеу мiндетiн осы адаммен бiрге тұратын еңбекке қабiлеттiлерге: зиян келтiрушiнiң осындай жағдайын бiлген, бiрақ оны әрекетке қабiлетсiз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуi мүмкiн.

Статья 406 ...928 929 930 931 932 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 930-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409