Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу



Ст. 935 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Жәбiрленушiнiң терiс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды.  

2. Егер жәбiрленушiнiң өзiнiң өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбiрленушi мен зиян келтiрушi кiнәсiнiң дәрежесiне қарай өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс.  

3. Жәбiрленушi өрескел абайсыздық жасап, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болмаған жағдайда, оның жауапкершiлiгi кiнәсiне қарамастан туындаған кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкiн. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi.  

4. Жәбiрленушiнiң кiнәсi қосымша шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 940-бабы), сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 946-бабы) ескерiлмейдi.  

5. Қасақана жасалған әрекеттермен зиян келтiрiлген реттердi қоспағанда, сот азаматтың мүліктік жағдайын ескере отырып, ол келтірілген зиянды өтеу мөлшерін азайта алады.  

Параграф 2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген
зиянды өтеу


Статья 406 ...933 934 935 936 937 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 935-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409