Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 966 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
966-бап. Лицензиялық шарт

1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.  

Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.  

2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:  

1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия);  

2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия);  

3) интеллектуалдық меншік объектісін пайдаланудың заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкін.  

Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.  

3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.  

Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады. 

Ескерту. 966-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
Статья 406 ...964 965 966 967 968 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться