Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
970-бап. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi



Ст. 970 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Айрықша құқықтарды қорғау осы Кодекстiң 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:  

1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;  

2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;  

3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.  

2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 20-тарауы).  

50-тарау. Авторлық құқық


Статья 406 ...968 969 970 971 972 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 970-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409