Ст. 984 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
984-бап. Авторлық құқықтарды басқару
1. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады.
2. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады.
51-тарау. Сабақтас құқықтар
Добавить комментарий к 984-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409