Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi



Ст. 986 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады.  

2. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады.  

3. Орындалатын туынды авторларының құқықтары сақталған кезде, орындаушы осы тарауда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды жүзеге асырады. 

4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi.  

5. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен:  

1) қоршауға алынған латынша "Р" әрпiнен;  

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);  

3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.  

6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.  

Ескерту. 986-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...984 985 986 987 988 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 986-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409