Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
999-бап. Патенттiң қолданылу мерзiмi



Ст. 999 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Патент патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде: 

1) өнертабысқа патент – жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. 

Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. 

Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады; 

2) пайдалы модельге патент – бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн; 

3) өнеркәсiптiк үлгiге патент – он бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. 

2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патенттік органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі. 

3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен айқындалады. 

4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді. 

5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады. 

Ескерту. 999-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 406 ...997 998 999 1000 1001 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 999-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409