Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 105 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу

1. Талап қою берілген кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья мемлекеттік баж мөлшерін істі сот талқылауына дайындау сатысында алдын ала анықтайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі. 

2. Сот толық төленбеген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу туралы істі қарау және шешу кезінде талап қою бағасын анықтаған жағдайда, толық төленуге жататын мемлекеттік баж мөлшері сот шешімінде көрсетіледі. 

3. Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баждың төленгені туралы дәлелдеме ұсынғаннан кейін жалғастырылады. 

Мемлекеттік баждың төленгендігі туралы құжат ұсынылмаған жағдайда іс бұл туралы соттың шешімінде көрсетіле отырып, бастапқы мәлімделген талаптар шегінде қаралады және шешіледі. Талап қою талаптарын ұлғайту туралы арыз қаралмай, талап қоюшыға кері қайтарылады. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу мәселесі бойынша соттың түйіндерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін.
Статья 1 ...103 104 105 106 107 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 105-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ