Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 108 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
108-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға: 

1) куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар; 

2) тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар; 

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар; 

4) жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар; 

5) іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар; 

6) тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар; 

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары; 

8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар; 

9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.
Статья 1 ...106 107 108 109 110 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 108-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ