Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 113 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
113-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу

1. Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 

2. Заңда белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша бюджет қаражаты есебінен адвокаттың білікті заң көмегі көрсетілген тараптың пайдасына сот шешім шығарған жағдайда, көрсетілген шығыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне басқа тараптан өндіріліп алынады.
Статья 1 ...111 112 113 114 115 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 113-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ