Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 114 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

1. Іске қатысатын адамның арызы бойынша, көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қою берген немесе негізделген талап қоюға қарсы дауласқан (адам білген не білуге тиіс болған) не істің дұрыс әрі тез қаралуына және шешілуіне үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот іске қатысатын екінші адамның пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген залалдар үшін өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. 

2. Залалдар мөлшерін нақты мән-жайларды ескере отырып, оның ішінде тиісті еңбекақы төлеудің осы жерде қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып, сот белгілейді. 

3. Тараптан залалдарды өндіріп алу туралы уәжді арыз істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін беріледі және сот оны негізгі талаппен бір мезгілде қарайды. Залалдарды өндіріп алу туралы арызға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Cалық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Статья 1 ...112 113 114 115 116 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 114-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ