Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 117 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
117-бап. Мемлекетке сот шығыстарын өтеу

1. Талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады. 

2. Егер талап қою бір бөлігінде қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады. 

3. Егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, онда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебіне жатқызылады. 

4. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты сот шығындары талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады. 

5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздестіру жарияланған жағдайда іздестіруді жүргізу бойынша шығыстар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.
Статья 1 ...115 116 117 118 119 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 117-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ