Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 119 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
119-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. 

2. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. 

3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 

4. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.
Статья 1 ...117 118 119 120 121 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 119-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ