Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі



Ст. 13 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асырылады. 

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында: 

азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды; 

заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың бірде-бірін орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына байланысты және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды. 

3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарсы иммунитеті бар тұлғаларға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ