Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 138 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
138-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері

1. Судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады. 

Бұдан басқа, егер: 

1) мәлімделген талап осы Кодекстің 135-бабында көзделмеген; 

2) борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған; 

3) мәлімделген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған; 

4) талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға жататын құқық туралы даудың бары байқалған; 

5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 136-бабының талаптарына сай келмеген; 

6) арыз бергенде мемлекеттік баж төленбеген жағдайларда судья арызды кері қайтарады. 

2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару туралы арыз сотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарым шығарады. 

3. Арызды кері қайтару сот бұйрығын беру туралы сотқа қайтадан арыз беруге не сол нысана мен сол негіздер бойынша сол жауапкерге, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, талап қоюға кедергі болмайды. 

4. Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Статья 1 ...136 137 138 139 140 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 138-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ