Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 142 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
142-бап. Сот бұйрығының күшін жою

1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды. 

2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда өндіріп алушы мәлімдеген талаптың талап қою іс жүргізуі тәртібімен берілуі мүмкін екені түсіндіріледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмелері ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей өндіріп алушыға және борышкерге жіберіледі. 

Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.  

Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. 

Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 142-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ