Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 164 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты істерден басқа, аса күрделі істер бойынша айрықша жағдайларда және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.

1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша бір айға қосымша ұзартылуы мүмкін.

2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...162 163 164 165 166 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 164-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ