Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 166 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
166-бап. Талап қою арызына пікір

1. Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады. 

2. Пікір талап қою арызының көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. 

3. Талап қою арызына пікірді талап қоюшы мәлімдеген талапқа мүдделерінің қатысы бар іске қатысатын өзге тұлғалар да ұсынуға құқылы. 

4. Пікірде: 

1) талап қоюшының атауы, оның орналасқан жері немесе тұрғылықты жері; 

2) жауапкердің атауы, оның орналасқан жері; егер жауапкер азамат болып табылса, онда оның тұрғылықты жері көрсетіледі; 

3) оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасала отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша дәлелдер; 

4) пікірге қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. 

Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарау үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары мен өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. 

5. Жауапкердің пікірді және дәлелдемелерді ұсынбауы істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі болмайды. 

6. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса беріледі. 

Электрондық құжат нысанында берілген пікір жауапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі. 

Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 166-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ