Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 167 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
167-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнешеуін жеке іс жүргізуге бөліп шығарады. 

2. Бірнеше талап қоюшы талап қойған немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған кезде судья, егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға құқылы. 

3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын бірнеше ұқсас іс не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшының сол бір жауапкерге қойған талаптары бойынша бірнеше іс бар екенін анықтап, егер осындай біріктіруді орынды деп тапса, өзінің қалауы не тараптардың өтінішхаты бойынша осы істерді бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.  

4. Бір талап екіншісінен бөлінгеннен кейін істі қарау мерзімі істі бөлінген талап бойынша сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі. 

Істер бір іс жүргізуге біріктірілгеннен кейін істі қарау мерзімі бұрын мәлімделген талап бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі. 

5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін. 

Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...165 166 167 168 169 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 167-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ