Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 170 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
170-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы

1. Талап қоюшы істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы. 

2. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін талап қоюшыға немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді. 

3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. 

4. Сот талап қоюшының талап қоюын осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қабылдамаған жағдайда немесе осы баптың бірінші бөлігінің талаптары сақталмаған жағдайда сот істі мәні бойынша қарауды жалғастырады және талап қоюдан бас тартудың қабылданбау уәждері туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетеді. 

Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 170-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ