Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 171 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы

1. Жауапкер талап қоюды істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші сатыдағы және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы толық немесе бір бөлігін мойындауға құқылы. 

2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі. 

3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді. 

4. Жауапкердің осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талап қоюды толықтай немесе оның бір бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі.

Статья 1 ...169 170 171 172 173 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 171-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ