Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 204 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
204-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды. 

2. Төрағалық етушi куәның iске қатысатын тұлғаларға қатысын анықтайды және куәға iс бойынша жеке өзiне белгілінiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады. 

3. Ерікті нысанда айғақтар бергеннен кейiн куәға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өзінің арызы бойынша куәны шақырған тұлға мен оның өкiлi, содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен олардың өкiлдері сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы. 

4. Қажет болған жағдайда сот нақ сол немесе келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды анықтау үшiн куәлар арасында беттестiру жүргiзе алады. 

5. Егер сот ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә iстi талқылау аяқталғанға дейiн сот отырысы залында қалады.
Статья 1 ...202 203 204 205 206 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 204-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ