Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 206 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәның жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады. 

2. Iстiң мән-жайларын анықтау үшiн қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта iске қатысушы қандай да өзге адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарып жіберілуі мүмкiн. Осы адам отырыс залына қайта келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған куәның айғақтарының мазмұны хабарлануға және куәға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлуге тиiс. 

3. Он алты жасқа толмаған куә, сот бұл куәны сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.
Статья 1 ...204 205 206 207 208 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 206-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ