Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 211 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
211-бап. Орнында қарап-тексеру

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткiзуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тұрған орнында қарап тексеріледі және зерттеледi. Сот орнында қарап-тексеру туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. 

2. Қарап-тексеру уақыты мен орны туралы iске қатысатын тұлғаларға, олардың өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмеуi қарап-тексеруді жүргiзуге кедергi болмайды. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар да шақырылады. 

3. Қарап-тексерудің нәтижелерi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Хаттамаға қарап-тексеру кезiнде жасалған немесе тексерiлген жоспарлар, схемалар, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ қарап-тексеру кезiнде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердiң фотосуреттерi, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тiркеледi.
Статья 1 ...209 210 211 212 213 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 211-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ