Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 212 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
212-бап. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

1. Жеке сипаттағы дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету, сондай-ақ оларды зерттеу кезiнде осы Кодекстiң 19-бабының үшінші бөлігінде және 209-бабында көзделген қағидалар қолданылады. 

2. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшiн арнайы жабдықталған өзге үй-жайда сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгiлерi жазылып және көрсету уақыты көрсетiлiп жүргiзiледi. Осыдан соң сот iске қатысушы тұлғалардың, олардың өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. 

3. Қажет болған жағдайда дыбысжазбаны тыңдау және бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың қандай да бір бөлiктерi қайталануы мүмкiн. 

4. Дыбысжазбалардағы және бейнежазбалардағы, фото- және киноматериалдардағы мәлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкiн.

Статья 1 ...210 211 212 213 214 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 212-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ