Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 214 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
214-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсiндiрме) бередi. 

Маманның жазбаша нысанда берген консультациясы сот отырысында жарияланады, зерттеледі және іске тіркеледі. Ауызша консультация тiкелей сот отырысының (процестік әрекеттің) хаттамасына енгiзiледi. 

2. Консультацияны түсiндiру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өтінішхаты бойынша маманды қатыстырған тұлға және оның өкiлi, ал содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот қатыстырған маманға бiрiншi болып талап қоюшы және оның өкiлi сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақтар қоюға құқылы.
Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 214-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ