Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 227 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
227-бап. Мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерiнің (әрекетсiздiгiнің)және шешiмдерiнің заңдылығын даулау туралы арыз бойынша шешім

1. Сот мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерiнің (әрекетсiздiгiнің) және шешімдерінің заңсыздығы туралы арызды негізді деп танып, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде осы әрекеттің (әрекетсіздіктің), шешімнің қандай заңдарға қайшы келетіндігі және сот шешімі орындалуға тиісті мерзім көрсетіледі. 

Сот мемлекеттік органды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органын, қоғамдық бірлестікті, ұйымды, лауазымды адам мен мемлекеттік қызметшіні жол берілген бұзушылықты толық көлемде жоюға және азаматтың немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, тұлғаға қолданылған жауаптылық шараларының күшін жоюға не бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді. 

2. Сот арызды қарау кезінде дауланып отырған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құзыретке және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалғанын, шешімнің қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.
Статья 1 ...225 226 227 228 229 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 227-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ