Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 239 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
239-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу

1. Сот өндіріп алушының арызы бойынша сот шешімімен өндіріп алынған ақшалай сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сот шешімі орындалған күнгi қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негізге ала отырып, тиiстi индекстеу жүргiзе алады. 

2. Сот алып берілген сомаларды индекстеу туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді. 

Алып берiлген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Iске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi соттың алдына қойылған мәселені шешуге кедергi болмайды. 

3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

Ескерту. 239-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...237 238 239 240 241 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 239-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ