Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 244 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
244-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

1. Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс өндiрiп алушы үшін елеулi нұқсан келтіруі мүмкін болса немесе шешiмдi орындау мүмкiн болмайтын болса, сот талап қоюшының өтiніші бойынша шешiмдi дереу орындауға жiбере алады.  

2. Шешiмді дереу орындауға жол берілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешiмiнiң күшi жойылған жағдайда шешiмнiң орындалуын бұруды қамтамасыз етудi талап ете алады. 

3. Шешiмдi дереу орындауға жіберу туралы мәселе, егер ол шешiм шығарылған кезде шешiлмесе, сот отырысында қаралады. Iске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi сот шешiмiн дереу орындау туралы мәселені шешу үшін кедергi болмайды. 

4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. 

Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...242 243 244 245 246 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 244-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ