Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 248 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
248-бап. Сот шешiмінiң орындалуын бұру туралы арызды қарау

1. Бұрын шығарылған шешім толық немесе бір бөлігінде орындалған іс бойынша жаңа шешiм шығарған сот шешімнің орындалғаны туралы дәлелдемелер ұсынылған кезде жаңа шешімде жауапкердің орындалуды бұру туралы арызын қарайды және шешеді. 

2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындалуды бұру туралы мәселені шешпесе, жауапкер шешiмнің орындалуын бұру туралы арызбен бірінші сатыдағы сотқа жүгінуге құқылы. 

3. Сот шешiмінiң орындалуын бұру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Арыз талап қоюшы мен жауапкерді, ал қажет болған кезде, сотқа күші жойылған сот шешімінің орындалуы туралы мәліметтерді табыс етуге тиіс әділет органын да хабарландыра отырып, жеке сот отырысында қаралады. 

Көрсетілген тұлғалардың сот отырысына келмеуі орындалуды бұру туралы арызды шешу үшін кедергі болмайды. Сот шешімі орындауда жатқан жағдайда іс жүргізуінде тиісті атқарушылық ісі жатқан сот орындаушысы сот отырысына келуге және оны сотқа ұсынуға міндетті. 

4. Шешiмнiң орындалуын бұру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...246 247 248 249 250 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 248-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ