Ст. 255 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
255-бап. Атқару парағын беруден бас тарту
1. Сот, егер: 1) өзiне қарсы төрелік шешім қабылданған тарап сотқа:
төрелік келiсiмнің – тараптар оны көндірген мемлекеттің заңдары бойынша, ал мұндай нұқсау болмаған кезде – шешім шығарылған елдің заңы бойынша жарамсыз болып табылатынына;
төрелік шешім төрелік келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының не төрелік келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер бойынша қаулылардан тұратынының, сондай-ақ даудың төреліктің ведомстволығына жатпайтыны салдарының;
төрелік келісім тараптарының біреуін соттың әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танығанының;
өзiне қарсы шешiм шығарылған тарап төрешінің тағайындалуы туралы немесе төрелік талқылау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенінің немесе төрелікке сот дәлелді деп таныған басқа да себептермен өз түсiніктерiн бере алмағанының;
сол бір тараптардың арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша шығарылған, заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе төрелік шешім не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе төреліктің ұйғарымы болғанының;
төрелік құрамы немесе талқылаудың төрелік рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегенінің немесе мұндай болмаған кезде төрелік талқылау өткізілген елдің заңдарына сәйкес келмегенінің;
шешімнің әлі тараптар үшін міндетті болмағанының немесе оның күші жойылғанының немесе оның орындалуын заңына сәйкес ол шығарылған елдің соты тоқтата тұрғанының дәлелдемелерін ұсынса;
2) сот осы төрелік шешімді орындауға келтіру Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келетінін немесе өзі бойынша төрелік шешім шығарылған дау заңға сәйкес төрелік талқылау нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
2. Егер төрелік келісімде қамтылатын мәселелер бойынша төрелік шешімді осындай келісімде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешімдерден бөліп алу мүмкін болса, онда төрелік шешімнің төрелік келісімде қамтылған бөлігін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тартылмайды.
3. Сот төрелік шешімді орындау туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады, оған осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Ескерту. 255-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-тарау. СЫРТТАЙ IС ЖҮРГIЗУ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ШЕШIМ ШЫҒАРУ
Ескерту. 21-тарау алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-1-тарау. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу
Ескерту. 21-1-тараумен толықтырылды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
13-бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.
Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"
Статья 13 Конституции РК
1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.
2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.
При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!
Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»
Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?
Приговор был такой:
………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.
Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.
Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей