Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 260 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
260-бап. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны

1. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:  

1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;  

2) арыз берген тараптың атауы; 

3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ сырттай шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелер;  

4) арыз берген тараптың өтініші; 

5) арызға қоса берілетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.  

2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды және іске қатысатын адамдардың саны бойынша арыздың және оған қоса берілген материалдардың көшірмелерімен бірге сотқа ұсынылады.
Статья 1 ...258 259 260 261 262 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 260-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ