Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 269 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
269-бап. Ұйғарымның мазмұны

1. Соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын ұйғарымда:  

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;  

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі және аты-жөні;  

3) іске қатысатын адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;  

4) ұйғарым шығарылатын мәселе;  

5) соттың өз түйіндерін шығару себептері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;  

6) соттың процестік шешімі;  

7) егер ұйғарымға шағым жасалуға болатын болса, оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.  

2. Сот отырысы залында сот шығаратын ұйғарым осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған мәліметтерді де қамтуға тиіс.
Статья 1 ...267 268 269 270 271 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 269-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ