Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 276 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
276-бап. Іс жүргізуді қайта бастау

Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысатын адамдарға азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша хабарлайды. 

Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. 

Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын адамдарға ол түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не тапсырылады. 

Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ

Статья 1 ...274 275 276 277 278 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 276-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ