Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 277 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
277-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері

Сот, егер:  

1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;  

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса; 

3) сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша қабылданған төрелік шешім болса; 

4) сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса; 

5) тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе; 

6) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе; 

7) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;  

8) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық мирасқорларының болмауына байланысты таратылса;  

9) шет мемлекетте соттық иммунитеттің бар екені анықталса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Статья 1 ...275 276 277 278 279 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 277-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ