Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 281 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
281-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

1. Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады. 

Іске қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио-, бейнежазба жүргізілмейді. 

2. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі.  

3. Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінде және 420-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес. 

4. Кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейді.

Статья 1 ...279 280 281 282 283 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 281-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ