Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 285 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
285-бап. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулердiқарау

1. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулерді төрағалық етуші қарайды. 

2. Істі қарауға қатысатын адамдар хабарландырыла отырып, ескертулерді сот отырысында қарау қажеттілігін төрағалық етуші айқындайды. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарауға кедергі болып табылмайды. 

Төрағалық етуші ескертулерді қарау нәтижелері бойынша олардың дұрыстығын өзінің қарарымен және қолтаңбасымен куәландырады не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің барлығы іске тігіледі. 

3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымы шағым жасалуға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды. Ескертулерді қарау нәтижелерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін. 

4. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 

5. Егер төрағалық етуші дәлелді себептермен хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарай алмаса, олар іс материалдарына қоса тіркеледі. 

Ескерту. 285-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-КІШІ БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮ ІСІН ЖҮРГІЗУ


27-тарау. САЙЛАУҒА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСАТЫН АЗАМАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ


Ескерту. 27-тарау алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі). 

28-тарау. ЖЕРГIЛІКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҚАБИ РЕТIНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ IСIН ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН ШЕШIМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРIНЕ (ӘРЕКЕТСIЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ


Ескерту. 28-тарау алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі). 

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ


Ескерту. 29-тарау алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі). 

30-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ДАУЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ


Ескерту. 30-тараудағы "Арыз беру", "арызбен", "Арыз", "Арызға", "арыз беру", "арыз", "Арызды", "арызын", "арызды" деген сөздер тиісінше "Талап қоюды беру", "талап қоюмен", "Талап қою", "Талап қоюға", "талап қоюды беру", "талап қою", "Талап қоюды", "талап қоюын", "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...283 284 285 298 299 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться