Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 287 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
287-бап. Арызды қарау

1. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай ішінде келіп түскен арыз – бес күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз уақытта, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін түскен арыз дереу қаралуға тиіс. 

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегі түзетулердің қажеттiлігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.  

2. Сот арызды арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органы, кәсіпорын, ұйым өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
Статья 1 ...285 286 287 288 289 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 287-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ