Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 288 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау, наразылық келтіру және орындау

Ескерту. 288-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Арыз негiздi деп танылған соттың шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады. 

2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.  

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. 

3. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ осы Кодекстің 28-бабында көзделген соттылық қағидалары бойынша шығарылған, Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша сот шешіміне шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде кассациялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін. 

4. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, прокурордың кассациялық шағымы, наразылығы сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз қалғанда, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін келіп түскендер дереу қаралады. 

5. Заңды күшіне енген сот шешімі тиісті мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органына, ұйымға, сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады. 

Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-тарау. ЖЕРГIЛІКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҚАБИ
РЕТIНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ IСIН ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН
ШЕШIМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРIНЕ (ӘРЕКЕТСIЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ
АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...286 287 288 289 290 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 288-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ