Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
29-бап. Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды беру



Ст. 29 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. 

Жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады. 

2. Заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлға құрмайтын ұйымға талап қою оның орналасқан жері бойынша беріледі.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ