Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 294 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
294-бап. Сотқа арызбен жүгінуге арналған мерзім

1. Азамат және заңды тұлға құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы. 

Прокурор наразылықты қараудың нәтижелері туралы хабарламаны алған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қарау үшін заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін сотқа жүгінуге құқылы. 

2. Сотқа арызбен жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.  

Көрсетілген мерзімді қалпына келтіру туралы не осы мерзімді қолдану туралы өтінішхат алдын ала сот отырысында немесе сот отырысында қаралады. Егер мерзім қалпына келтірілмесе, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Статья 1 ...292 293 294 295 296 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 294-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ