Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 296 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
296-бап. Арызды қарау

1. Істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде сот арызды азаматтың, заңды тұлға өкілінің, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен қарайды. 

Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың қатысуы міндетті.  

Шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін дау айту туралы арыз осы Кодекстің 183-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде қаралады. 

Сот прокурордың арызын істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он күн мерзімде прокурордың қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қарайды.  

2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарландырылған санамаланған тұлғалардың қайсыбірінің сот отырысына келмеуі арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда, сот іс бойынша талқылауды кейінге қалдырып және тұлғаларды қайтадан шақыра отырып, көрсетілген тұлғалардың сот отырысына келуін міндетті деп тануы мүмкін. 

3. Сот осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған тұлғалардан солардың негізінде дау айтылып отырған шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздік) қабылданған барлық құжаттар мен материалдарды өз бастамасы бойынша талап етіп алдыруға құқылы. 

Талап етілген материалдарды сотқа дәлелді себептерсіз ұсынбау осы Кодекстің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтық салдарға әкеп соғады. 

Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...294 295 296 297 298 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 296-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ