Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 297 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
297-бап. Соттың шешімі және оны орындау

1. Соттың шешімі осы Кодекстің 227-бабының талаптарына сәйкес шығарылады. 

2. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныстылығы тәртібімен жоғары тұрған органға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Сот шешімінің көшірмесі жоғары тұрған мемлекеттік органға және прокурорға жіберіледі. 

3. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады. 

4. Мемлекеттік органның, жергілікті өзін өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қабылдаған заңсыз шешімінің, жасаған заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу талап қою ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады. 

30-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ДАУЛАУ ТУРАЛЫ
ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...295 296 297 298 299 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 297-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ