Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 313 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
313-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды бала асырап алудың негізділігі туралы және баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы комиссия қорытындысының негізінде асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа беруді міндеттейді. 

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысына: 

1) асырап алынатын баланың тұрғылықты жері немесе тұратын жері бойынша не бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрмыс жағдайларын тексеру актісі; 

2) асырап алынатын баланың туу туралы куәлігі; 

3) асырап алынатын баланың денсаулық жағдайы, дене бітімінің және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытынды;  

4) он жасқа толған асырап алынатын баланың асырап алуға, сондай-ақ оның атының, әкесінің атының, тегінің өзгеруі мүмкіндігіне және асырап алушыларды (асырап алушыны) оның ата-анасы ретінде жазуға келісімі (егер мұндай келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда); 

5) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, он алты жасқа толмаған ата-аналардың баласын асырап алуға келісімі, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің келісімі, ал заңды өкілдері болмаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі; 

6) баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, патронат тәрбиешінің немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйымдар басшысының баланы асырап алуға келісімі; 

7) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер баланы асырап алу кезінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органда орталықтандырылған есепте тұру фактісін растайтын құжат, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның осы баланы бірінші кезекте асырап алуға олардың азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, туысқандарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын іске асырғанын растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс. 

3. Сот қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жазбаша сұрау салу негізінде сұратып алады. 

4. Сот қажет болған кезде өзге құжаттарды да талап ете алады.
Статья 1 ...311 312 313 314 315 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться