Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 321 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
321-бап. Сот шешімінің салдары

1. Азаматты хабарсыз кетті деп таныған сот шешімі қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне оның орналасқан жері бойынша қорғаншы тағайындауына негіз болып табылады. 

2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органының адамның қайтыс болуы туралы жазбаны азаматтық хал актілерін тіркеу кітабына енгізуі үшін негіз болып табылады. 

Қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне қатысты мұра сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ашық деп есептеледі.
Статья 1 ...319 320 321 322 323 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 321-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ