Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 322 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
322-бап. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерін анықтау салдары

1. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда бірінші сатыдағы сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім хабарсыз кетті деп танылған азаматтың мүлкіне қорғаншылықты тоқтату және қайтыс болды деп жарияланған адамның қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу кітабындағы жазбаны жою үшін негіз болып табылады. 

2. Азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күшін жою көрсетілген адамдардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады. 

35-тарау. АЗАМАТТЫҢ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТІН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ, АЗАМАТТЫ
ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ, ОН ТӨРТТЕН ОН СЕГІЗ ЖАСҚА
ДЕЙІНГІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ӨЗ ТАБЫСЫНА ӨЗ БЕТІНШЕ БИЛІК ЕТУ
ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ОДАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...320 321 322 323 324 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 322-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ